Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару кезінде, адам өмiрiн сақтап қалу үшін батылдық пен жанқиярлық көрсеткен, сондай-ақ, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов полиция генерал-майоры шенін алды. Құттықтаймыз! Енді еліміздегі үшінші мегаполисті генерал-майор басқаратын болды.