«Shymkent qus» ЖШС қиын сәтте мақтааралдықтарға көмек жіберуде. Аталған кәсіпорын өздерінен шығарылатын жұмыртқаның 60 мың данасын аудан тұрғындарына беруді жөн санапты. Мұнда 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарды қамқорлығына алуды ойлаған кәсіпорын жұмысшылары игі бастаманы бірден қолдай кеткен.
Сондай-ақ, олар бір күндік жалақысын аударатын болды. Ал, кәсіпорын басшысы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әбілқасым Досболов Қасиетті Рамазанда ізгі амалдарға берілетін сауап еселенеді демекші, жәрдем беруден еш қалыс қалмайтынын айтты.