• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Сәуір 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Коронавирус анықталмаған ел — Тәжікстан қалай COVID-19-дан аман?

17.04.2020
0

Тәжікстан әлі күнге дейін COVID-19 дерегі анықталмаған елдердің бірі. Елде коронавирус таралмауының бірнеше нұсқасы бар. Тәжік Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус Қытайда анықталды деген сәттен-ақ қажет шара қабылдап үлгерген көрінеді. Алайда Қытаймен көршілес тұрған елде коронавирус инфекциясының анықталмағаны таңғаларлық жайт болып көрінеді. Tengrinews.kz тілшісі Тәжікстандағы жағдайды баяндайды.

«Sputnik Таджикистан» мәліметінше, 1 ақпан мен 13 сәуір аралығында елде 7,7 мыңға жуық адам карантинге жатқызылып, артынша 5,7 мың адам үйіне қайтарылған. Тағы 1,8 мың адам өз бетімен оқшауланған. Бұл ақпаратты портал елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сүйеніп хабарлаған.

Әзірше Тәжікстанда COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелмеген. Бұл мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тәжікстандағы ресми өкілі Галина Перфильева «Таджикистан» телеарнасына берген сұхбатында растаған.

Тәжікстанда коронавирус инфекциясы қалайша тіркелмеген?

Жалпы Тәжікстанда коронавирустың тіркелмеуінің бірнеше нұсқасы бар. «Sputnik Таджикистан» соның ішіндегі танымалына тоқталған.

Тәжіктер шетелге көп шықпайды

Коронавирус — ауқатты адамдар тасымалдайтын ауру. Яғни, «коронаны» жағдайы жақсы, шетелге жиі шығатын адамдар тасымалдайтын көрінеді. Ал Тәжікстан азаматтарының көбі шетелге шыға қоймайды екен. Тәжіктердің таңдауы көбіне көршілес Өзбекстанға түседі.

Коронавирусты жергілікті медицина анықтай алмады

Елде коронавирус жұқтырған адамдар болуы да мүмкін. Алайда қайтыс болғандар жоқ екен. Ал қажет құрылғылар мен тест жүйелерінің жетіспеуі коронавирустың бар-жоғын анықтай алмай отырған көрінеді. Себебі, коронавирус біраз уақыт бойы еш белгісіз өтеді.

Тәжіктердің иммунитеті коронавирусқа төтеп бере алады

Желі қолданушыларының сөзінше, тәжіктер бұған дейін тұмаудың ауыр түрімен ауырып шыққан және ол коронавирус болуы мүмкін. Себебі, желтоқсан-қаңтар айларында елде ерекше белгілері бар тұмау қатты жүрген — бірнеше күн дене қызуы көтеріліп, жөтел мен лоқсу. Сондықтан, дүниежүзінде коронавирус енді анықталып жатқан кезде, Тәжікстанда алаңдауға негіз жоқ. Себебі, тәжіктердің иммунитеті COVID-19-ға қалыптасқан болуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала қажет шара қабылдап қойған

2020 жылдың қаңтарында Қытайда коронавирус туралы сыбыс тараған сәттен Тәжікстан елге келген шетел азаматтардың барлығын тексеріп, артынша шетелдіктерге кіруге тыйым салған екен. Шетелден келген мыңдаған адам 14 күндік карантиннен сәтті өткен. Алдын ала қабылданған шаралар маңызды рөл атқарып, инфекцияның тарауы тоқтаған болуы мүмкін.

Жалпы жергілікті БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, Тәжікстан көршілес елдерде коронавирус анықтала бастаған соң бірден шекараны жапқан. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ескертуіне қарамастан Тәжікстан Наурыз мейрамын тойлаудан бас тартпаған. Одан бөлек, жоғары оқу орындары мен мектеп жабылмаған, ал оқу 1 сәуірден бастап қалыпты режим бойынша өтіп жатқан көрінеді.

Сарапшылар не дейді?

Профессор Рустам Бурнашевтың пікірінше Тәжікстанда коронавирус анықталмауының үш негізгі себебі бар.

«Тәжікстанның жағдайында коронавирус «анықталмады» деген сөздің үш мағынасы болуы мүмкін. Біріншіден, инфекция шынымен жоқ, екіншіден, әлі анықталмаған, үшіншіден, вирус туралы ақпарат БАҚ беттеріне түспеген», — дейді сарапшы «Радио Озодиге» берген сұхбатында.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің обаның, карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу республикалық орталығының зертханасының меңгерушісі Маруфжон Мадаминов неліктен Тәжікстанда коронавирус анықталмағаны туралы пікір білдірген. Бұл туралы ол «Sputnik Таджикистанға» айтып берген.

Мадаминовтің сөзінше, Тәжікстанда дер кезінде қажет шаралар қабылданғандықтан COVID-19 анықталмаған.

«Бұл менің пікірім. Басқа сарапшылардың ойына ай келмеуі мүмкін. Бірақ Тәжікстан билігі қажет шараларды ертеден қабылдады. Билік қандай да бір ақпаратты жасырып отыр деп ойламаймын», — дейді маман.

Еске салайық, дүниежүзі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны азаяр емес. 17 сәуірдегі жағдай бойынша, 2 184 562 адам COVID-19 жұқтырған. Вирус жұқтырған адам саны бойынша АҚШ (678 210 адам) әлі күнге дейін бірінші орында. Одан кейін Испания (184 948 адам) және Италия (168 941).

Ал Қазастанда коронавирус жұқтырғандар 1480-ге жетті. Үштікте Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Қарағанды облысы тұр. COVID-19 жұқтырған 285 адам жазылып шықса, қайтыс болғандардың саны 17-ге жетті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.