• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Сәуір 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Асқар Мамин: биыл бірінші тоқсанда Қазақстан экономикасының өсімі 2,7% құрады

14.04.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Экономиканың, банк саласының ахуалы, республикалық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компанияларының көрсеткіштері туралы – Қордың басқарма төрағасы А. Есімов, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі Н. Ноғаев, өңірлердің дамуы туралы Қостанай, Алматы, Ақтөбе облыстарының әкімдері А. Мұхамбетов, А. Баталов және О. Оразалин баяндады, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.

Биыл қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 2,7% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1%-ға артты. Алтын-валюта қоры $30 млрд жетті, Ұлттық қор активтері – $57,5 млрд.

Еліміздің негізгі салалары жалпы оң динамика көрсетті. Тау-кен өндірісі саласындағы өсім – 5%, өңдеу саласында – 8,8%, құрылыста – 11,7%, машина жасауда – 30,4% көрсетті. Дегенмен, әлемдегі пандемияға байланысты енгізілген шектеулердің әсері біртіндеп байқала бастады — осы жылдың бірінші тоқсанында сауданың өсуі 1%-ды, қаржы саласы мен сақтандыру қызметтері – 0,7%-ды құрады, ал көлік секторы 1,3%-ға төмендеп, теріс динамика көрсетті.

Биылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуінің озық қарқыны Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында қамтамасыз етіледі, орташа республикалық көрсеткіштерге Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында қол жеткізілді, кейбір көрсеткіштер бойынша республикалық деңгейден төмен деңгейді Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы көрсетті.

Үкімет басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына бюджет қаражатының уақытылы әрі сапалы игерілуін, оның ішінде олардың экономиканың нақты секторларына дейін жеткізілуін бақылауда ұстауды тапсырды.

Премьер-Министр әлемдік және өңірлік экономикалардағы қазіргі сын-тегеуріндерге жауап ретінде Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар кешенін қабылдап, іске асырып жатқанын атап өтті — Жұмыспен қамтудың жол картасы бекітілді, құрылысты кеңейту бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру ұлғайтылды, ШОБ кәсіпорындарын салықтық ынталандыру енгізілді, «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы кеңейтілді.

«Қажет шаралар қабылданды, енді өңірлер қарқынды жұмыс істеуі керек. Барлығы мемлекеттік органдардың тиімді және үйлесімді жұмысына байланысты», — деп А. Мамин, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтаумен өңірлерде дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуына бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.