2020 жылдың 11 сәуір күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі — COVID-19) 31жағдайы тіркелген.
Эпидемиологиялық ауысымда мониторингте барлығы 1377 азамат болды, 641 алынды, 736 мониторингте қалады, оның ішінде санаттар бойынша – 314, ошақтар бойынша — 422.
Жас деңгейіне байланысты аурушаңдық 3 жасқа дейін-3 (9,7%), 3 жастан 18 жасқа дейін – 6 (19,4%), 18-55 жастан — 19 (61,3%), 55 жастан– 3 (9,7%).
Барлығы1673 COVID-19 зертханалық тексерулер өткізілді, оның ішінде оң нәтиже-31 (1,9%).
Екі науқас сауығып, бүгін үйге шығарылады.
«Тәуелсіздікке 20» бірінші ошағынан осы 2 отбасы мүшелерінде зертхананың сынамалар теріс болып, олар үйге шығарылады. Отбасының қалған 3 мүшесі медициналық қызметкерлердің бақылауымен 14 күндік карантин аяқталғанға дейін қалады, себебі інісінен COVID-19 ауруы 12 күні анықталып, әкесімен қарындасы жақын байланыста болған.
Қалған 28 пациенттің жағдайы тұрақты, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес емдеу жалғасуда.
Түркістан облысынан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына COVID19 ауыруына шалдыққан ауыр жағдайда 2 науқас ауыстырылды (48 және 60 жас). Олардың жағдайы бүгінгі күні тұрақты, динамиканың жақсарғаны байқалады.
Шымкент қаласы бойынша барлығы 11 ошақ тіркелді:
1) «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекені; 2) Самал – 1, Тайманов көшесі; 3) Төреқұлов көшесі; 4) Мақталы көшесі; 5) №8 шағын аудан; 6) Желтоқсан көшесі; 7) Солтүстік-Батыс т.а. Ушкиян көшесі; 8) Кайтпас-1, Алтай көшесі; 9) Сайрам т.а. Аль-Фараби көшесі 10) Сауле м/а, Жастар көшесі; 11) Кайтпас – 2 м/а Досмухамедова көшесі.
«Тәуелсіздікке 20» елді мекенінде 3118 адам тұрады, оның ішінде ересектер – 1880, балалар — 1238. Карантинді енгізуден бастап медицина қызметкерлері барлық халықты тексерді. Қазіргі уақытта температурасы көтерілген азаматтар жоқ.
«Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабынан блок-бекеттер алынып тасталады, ол жалпы қалалық карантинде қалады, бірақ Жұмабаев көшесі барлық отбасы мүшелері сауыққанға дейін карантинде қалады.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.
Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізілуде.