Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру жалғасуда. Бүгінде ерікті түрде өтініш білдірушілер медициналық тексеруден өткізіліп жатыр. Яғни, іріктелген әскери міндеттілер бір ай мерзімінде блок-посттарда қызмет етіп, коронавирусқа байланысты залалсыздандыру шараларына қатысатын болады. Сонымен бірге, олар көшелерді күзету жұмыстарына да тартылмақ.
Бұл туралы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ринат Мадияров мәлімдеді.
Бұл күні әскери міндетті ретінде медициналық тексеруге келгендердің бірі Марлен Әбіл болатын. Жалынды жас әр азамат жауапкершілік танытып, қиын уақытта өз еліне көмек көрсетуі керек деп санайды.
Айта кетейік, 3 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Төтенше жағдай кезінде әскери қызметке шақырылушылар тамақпен, киім-кешек және жалақымен толық қамтамасыз етіледі.