Қандастар да 42 500 тенге әлеуметтік көмек алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16
наурыздағы № 286 Жарлығына байланысты Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы
жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-
құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар
үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26
наурыз күнгі № 110 бұйрығының 1 тараудың 3 тармағының 1-5
тармақшалары және 3 тараудың 12 тармағының 1-2 тармақшаларына сәйкес
көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады.
Бұл туралы Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты әлеуметтік төлемге ие болатын адамдар 42 500
теңгені алуға өтініштерін екі тәсіл бойынша бере алады:
1) Жұмыс беруші атынан осы бұйрықтың № 2 қосымшасын қолданып
бере алады. Оған 1 тараудың 3 тармағының 1-5 тармақшаларына
сәйкес көрсетілген адамдар жатады;
2) Өз атынан:
а) Осы бұйрықтың № 3 қосымшасын қолданып бере алады. Оған 1
тараудың 3 тармағының 1-5 тармақшаларына сәйкес көрсетілген
адамдар жатады;
б) Осы бұйрықтың № 2 қосымшасын қолданып бере алады. Оған 3
тараудың 12 тармағының 1-2 тармақшаларына сәйкес көрсетілген
адамдар жатады.
Ол үшін азамат өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз
аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы
тиіс. Кейіннен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
Халыққа қызмет көрсету орталықтары өтінішті тексеріп, шешім қабылдайды.
Өтініш беруші өз кезегінде қабылданған шешімді SMS арқылы алады.
Ескерту: Тұрғылықты мекен-жайы және ықтиярхаты бар
қандастарымызға да (оралмандарға) Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі.