Өкінішке қарай коронавирус індетін жұқтырған адам Түркістан облысынан да шықты. Қазір Жетісай ауданының тұрғыны аталмыш індетті жұқтырғаны анықталып отыр. Осыған орай, Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы мобильді топ жетекшілерімен жедел штаб отырысын өткізді. Отырыста Түркістан қаласында індет таралуының алдын алу жұмыстарын ширату, сақтық шараларын күшейту мәселелері пысықталды. Әсіресе, жас балалардың қоғамдық орындарға шықпауын, әр азаматта медициналық петперделердің болуын қатаң бақылауға алу қажеттігі айтылды. Мөлтек аудандарға қарасты топтар мен полиция жұмысын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ қала әкімі блок-бекеттердегі әр азаматты жіті тексеру қажеттігін, міндетке салғырттық танытып, көзбояушылық танытқандарға шара көрілетінін ескертті.
Айғақ-Ақпарат