Санитарлық талаптарға сай келмейтін және заң талаптарына сай емес жұмыс жасап жатқан тамақтану орындарына әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынуда. Осы ретте, Абай ауданына қарасты Қатын-көпір шағын ауданындағы әл-Фараби көшесінде орналасқан кафелерге рейд жұмыстары жүргізілді. Бүгінде аудандағы 11 сауда үйі уақытша жұмысын тоқтатса, 250-ден астам тамақтану орындарына тексеру жүргізіліп, санитарлық талаптарды сақтамағандары жауапқа тартылған. Абай ауданы әкімшілігі және Шымкент қалалық ПД қызметкерлері жүргізген тексеру жұмыстары кезінде де қолғап және антисептикалық заттары жоқ кафелерге ескерту жасалды. Сонымен қатар, кіші асхана иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,
төтенше жағдай кезіндегі заң талаптары тек түсіндірілді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...









