Төтенше жағдайдан кейін Қазақстанның өзге қалаларынан Шымкент қаласының тұрғындары, студенттер және шетелде жүрген азаматтар үшінші мегаполиске қайта бастады.
Бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласынан 1600 адам, Алматы қаласынан 2600 адам және 484 азамат шетелден оралған. Бұдан бөлек 1000-нан аса адам елдің өзге қалаларынан келді.
Шетелден келген азаматтар медициналық мониторингке алынған. Сонымен қатар, барлығы бақылауда. Медицина қызметкерлері олармен тікелей байланысқа шығып, жағдайларын біліп тұрады.
Шымкент қаласында 1 млн. 62 мың адам болса, Шымкент қаласы әкімдігә мен денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарының 632 мыңына қоңырау шалып, жағдайларын сұраған. Олардың ішінде қызуы көтерілгендер мен тұмау болғандар бақылуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.
Айғақ-ақпарат