Шымкент қаласындағы 17 бекет 31-наурыздан бастап жабылатынын қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Мұндағы мақсат — өте тез таралатын вирустың жұғу қаупін төмендету. Қаладағы ретсіз жүріп-тұруды азайту. Осылайша төтенше жағдайдың талаптарын барынша жоғары деңгейде орындау.
Бұған дейін қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте уақытша қойылған шектеулер туралы айтып берді. Сондай-ақ, қала тұрғындарын сабырға, сақтық шараларын ұстануға шақырды.
Айғақ-ақпарат