Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан әкімі Үндеу жасады
    Айғақ MEDIA

    Түркістан әкімі Үндеу жасады

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.03.2020490 Views

    Мемлекетіміздің тарихында еш болмаған жағдайды кешудеміз, ағайын. Бұрын соңды бастан кешпеген шектеулер мен сақтық шаралары қолға алынып, талап етілуде, — деп жазады Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің инстаграм парақшасында.

    Тәжірибе болмауының салдарынан әлі де көптеген халық арасында қателіктер мен түсініспеушіліктер орын алып отыр. Әрине, өмір барысын әп сәтте өзгерте салу оңай емес, бұған қоса, сан алуан ақпарат тарап, елді дүрліктіріп жатыр.

    Сондықтан, біз де барынша толыққанды ақпаратпен бөлісіп, қандай да іс-шара жайлы алдын ала ескертіп отыруды жөн көрдік. Ескертпесіз өзгерістер енгізу бұрыс екеніне сенімдімін.

    Осы ретте, әлем тәжірибесіне сәйкес, мемлекет деңгейінде қабылданған бұйрық үзіндісімен танысып шығуларыңызды өтінемін. Бұған қоса, осы бұйрық үзіндісі мәтінімен тума туыстарыңызбен бөлісулеріңізді сұраймын.
    Ұсынымдарға сәйкес қатаң тексеру жұмыстары өтіп, нормаға сай емес орындар уақытша жұмыстарын тоқтатып, немесе заң аясында айыппұл төлейтінін ескертеміз.

    Әлі де тым қатаң, тым ерте, қажетсіз деп ойлайтын жерлестеріміз болуы әбден мүмкін. Бірақ, дәл қазір, уақыт жіберіп алмау керек.
    Бұлардың қай қайсысы да бәріміздің болашағымыз үшін екенін, бір қала, бір өңір, тіпті бір мемлекет емес, дүние жүзі бойынша орын алып отырғанын естеріңізден шығармауларыңыз маңызды.

    Жергілікті атқарушы орган ретінде, құзырымыз жеткенше, барлық қажетті қадамдар жасаймыз. Түсіністік білдіріп, қолдау ретінде сіздер де барынша сыртқа шықпаңыздар.

    Аман өтіп, деніміз сау, жақындарымызбен жүздесу бұйырсын!, — дейді Түркістан қаласының әкімі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.