Құрметті ер түріктің бесігі болған қасиетті Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін Әз-НАУРЫЗ мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ай мен Күннің табысар уақыты әрқайсыңыздың отбасыңызға құт, береке әкелсін. Халқымыздың басты құндылығы саналатын Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай. Салтында — қасиет, қартында — өсиет бар дана жұртымыз аман болсын! Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, пейілдің түзелетін — Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әбілқасым Досболов