Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында республикада елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
2019 жылы республикалық бюджеттен 404 жобаны іске асыруға 125 млрд. теңге бөлінді:
— қалалық сумен жабдықтауға (84 жобаны іске асыру) – 53,9 млрд. теңге;
— ауылдық сумен жабдықтауға (320 жобаны іске асыру) – 71,1 млрд. теңге.
Жыл қорытындысы бойынша республика бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне жалпы 92,6%- ы немесе 18,6 млн. адамнан 17,2 млн. адам қол жеткізе алады , оның ішінде: қалаларда 97,2%- ы , бұл ретте халықты Ағынды суларды тазартумен қамту 70,5%- ды құрады . Ауылдарда жыл қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 86,4%- ды құрады .
Ағымдағы жылы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға республикалық бюджеттен 313 жобаны іске асыруға 117,5 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде:
— қалаларда (68 жоба) — 47,1 млрд. теңге;
— ауылдарда (245 жоба) – 70,4 млрд. теңге.
2020 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету жоспарлануда: қалаларда – 97,5%, ауылдарда — 87,7%, ал қалалардағы Ағынды суларды тазартумен қамтуды 74,9% жеткізу