Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Ө. Шөкеев: Әлеуметтік сала басты назарда
    Әлеумет

    Ө. Шөкеев: Әлеуметтік сала басты назарда

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.02.2020329 Views

    «Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Сол себепті, бұл өңірде әлеуметтік сала басты назарда», деді облыс басшысы Ө. Шөкеев халыққа есеп беру кездесуінде.
    Облыс басшысының айтуынша, жалпы әлеуметтік қамсыздандыру саласына 2019 жылы 82 млрд.теңге қаржы қарастырылған.


    «Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 96 мыңға жуық адамды қамтып, жоспар 20,6%-ға артығымен орындалды (жоспар 79 603). Осы бағдарлама аясында бірінші рет өз ісін ашамын дейтін азаматтарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (505 мың теңге) 8 мыңға жуық азаматқа мемлекеттік грант ұсынылып, жеке ісін ашуға мүмкіндік берілді» деген Өмірзақ Естайұлы былтырғы жылы аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгеніне тоқталды.


    Атап айтсақ, былтыр атаулы әлеуметтік көмекке 70 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл сома өзге жылдармен салыстырғанда анағұрлым қомақты. Соның нәтижесінде облыс халқының үштен бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмек алды немесе әр отбасы орта есеппен айына 100-120 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекпен қамтылды.
    Көмек алушылардың 60 пайызы көп балалы отбасылар санатынан. Осындай қолдаудың арқасында 6 690 отбасы әлеуметтік көмек есебінен өз ісін ашуға және өз табысын арттыруға мүмкіндік алып, 43 мың жұмыссыз азамат атаулы әлеуметтік көмек аясында жұмыспен қамтылды.
    Биылғы жылы да әлеуметтік қолдауда елеулі өзгерістер орын алды. Біріншіден, көп балалы отбасылардың мәртебесін арттыру мақсатында олар жеке санатқа шығарылды.


    Яғни, 2020 жылы отбасының табысына қарамастан 4 және одан да көп балалы отбасыларға бала санына қарай 43 мыңнан 73 мың теңге аралығында мемлекеттік жәрдемақы тағайындау басталды, қазірдің өзінде 100 мыңнан астам отбасы осы жәрдемақыны алды.
    Екіншіден, әлеуметтік қолдауда әділеттілікті қамтамасыз ету және азаматтарды еңбекке ынталандыру мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі жетілдірілді: отбасының табысын есептеу кезінде көптеген әлеуметтік төлемдер алынып тасталды, 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға кепілдірілген әлеуметтік пакет енгізілді.
    Үшіншіден, мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейінен шығуға ұмтылдыратын «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленді.


    Бағдарлама аясында тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік қызметті дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Отбасыларды тұрақты табыс көзімен қамтамасыз ету нәтижесінде оларды өмірлік қиын жағдайдан кезең-кезеңмен шығару көзделуде.
    Аталған бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жағдайы тым төмен, кризистік және қанағаттанарлықсыз деңгейде өмір сүріп жатқан 1643 отбасы анықталып, олардың әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы кураторлар тағайындалды.
    Қазірдің өзінде бағдарлама басталғалы бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 900-дан астам отбасыларға 45 млн.теңгенің демеушілік көмегі көрсетіліп, 4 отбасыға кәсіпкерлер тарапынан үй сатып алынды.
    Бұдан бөлек, «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы жанұя мүшелерін жұмысқа тұрғызу, оқыту және өзге де мәселелері аудан, қала әкімдеріні бақылауында болады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.