Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ордабасы ауданындағы жолдар талапқа сай келмейді
    Айғақ MEDIA

    Ордабасы ауданындағы жолдар талапқа сай келмейді

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.11.2019668 Views

    12 қараша күні «Сапалы жол — Түркістан Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі аясында Ордабасы ауданында мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынған жергілікті жолдарға мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайы ведомоствоның баспасөз қызметі.

    Автокөлік  жолдарының сапасын сараптау мақсатында  жүргізілген  қоғамдық бақылау жұмыстарына «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Тұңғышбаев, аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев,  «Ұлттық жол активтері сапасы» орталығы Түркістан облысы бойынша филиалы мамандары, Ордабасы аудандық арнайы мониторингтік топ мүшесі Н.Көшбаев, аудандық «Nur otan» партиясы филиалының сектор меңгерушісі Г.Толыбаева, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Искаков, сектор меңгерушісі Ғ.Оспанқұл, ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Н.Амангелдиев және мердігер компания басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Мониторинг жұмысы аудан орталығының Темірлан ауылында «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан жолдардың сапасына жүргізілді. Жылжымалы жол зертханасы арқылы жаңадан салынған 4 көшеден, яғни Рахымбердиев, Төлеби, ПМК және  Ынтымақ көшелерінен сынама алынды.

    Асфальт бетон кесінідісі алынған жолдар жамылғысының қалыңдығы сметалық құжатқа сай емес, сондай-ақ, тексеру жұмыстары жүргізілген барлық көшелердің жол жиегінде жарылулар, екі көшенің қосылған жерлерінде тегісіздік, үгітулер анықталған.

    Нәтижесімен мердігер компания басшылығына жолдарды талапқа сай қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты — автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.

    Айта кетейік, алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалалардың жолдары бақылауға алынып, мониторингтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.