РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...
Мен көктей шолып өткен жоғарыдағы шағын естеліктің, санамызда сәулесі ойнаған қызықты кездердің бәрі де сол ертегідей ауылда өтті. Бүгінде азамат болған біздер ауылымызға кішкентай болса да көңілімізді білдіріп, перзенттік парызымызды өтегіміз келеді. Бұл – ауылдан шыққан барлық баланың асыл арманы. Бұған қоса, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдерімен жұмыстарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше ынталандыру керек» деген болатын. Біз де ел десе жүрегі елжірейтін бірнеше азаматтың ықыласымен туған ауылымыздағы өзіміз оқыған мектепке кішкене ғана сый жасадық. Ауыл мектебінің үш сыныбын заманауи үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Бұл ақпарат мақтан үшін емес, бір жағы Елбасы бастамасын өз ісімізбен қолдағанымыз болса, екінші тұсы бәріміз де туған ауылымызға қарлығаштың қанатымен су сепкендей қызмет қылсақ, ауылымыз бұдан гөрі еңселірек болар ма еді деген ниеттен шығып, азаматтарға ой салар деген үмітпен айтылып отыр. Өзімнің балалық дәуренім мен өскен ортамды бүгінгі қырықтан асқан жігіттің көзімен шолған сайын қазақтың тәрбие институттарының, отбасылық дәстүрінің өте ізгі және озық болғанын ойлап, таңданысым арта түседі. Әулет дәстүрі, әже институты, нағашылық дәстүр, ағалық институт және осының ең биігінде тұрған ақсақалдық институт бізді мыңжылдықтардың дауылы мен жауынынан аман алып өткеніне еріксіз иланасыз. Қазақ өмірінің жазусыз заңдарына айналған «ағайынның азары болса да, безері болмайды», «ағаңмен араз болсаң да, арыңмен араз болма» немесе «көптен кеткен көмусіз қалар» деген қорғасындай ауыр кодекстердің бәрі осы әулеттік институттың шеберханасынан суарылып шыққан болаттай өткір сөздер екенін кештеу болса да білген сияқтымыз. Әулет аман болса, ел аман. Әр әулет – жұрттың бір-бір уығы. Уығы мықты елдің – ғұмыры да ұзақ болмақ. Сондықтан ежелден қалыптасқан әулет институтын дамыта түскеніміз абзал. Қазақтың ізгі дәстүрлері мемлекеттің негізгі ұстын-тірегі болса, біз «күн сөнгенше сөнбесіміз» анық. Берік УәлиМемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...
Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...
Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі бұл жолы Әл-Фараби ауданында өтті. Қала басшысымен жүздесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерді ашық...
Жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін орындардың бірі – лагерь. Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайындағы «Қызық Life» жазғы...
Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкенттегі ерекше бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Креатив хаб орталығында ұйымдастырылған кездесуде балаларға сыйлықтар табысталып, олардың...
Шымкентте биыл мыңнан астам тұрғын баспаналы болады. Қалада 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1200-ден аса пәтер ел игілігіне беріледі. Қазір...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.