• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Тамыз 20, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Жағдайды ушықтырған «жабайы сауда»

15.10.2019
0

Жабайы сауда жағдайды ушықтырып жіберді. Қырғы базардағы заңсыз сауда билікте әкімдер ауысқан сайын қозғалатын тақырып. Бірақ, бұл жолы мәселе тым басқаша. Ретсіз сауданың ордасына айналған Қырғы базардың алдын абаттандырмақ. Осыған байланысты билік қызыл лентаны белшесінен басып тұрғандарды базардың ішіне көшірмек. Алайда, сіз бен біз тұрып жатқан мегаполистің көркеюіне саудагерлер көнбей отыр.

Негізі Әл Фараби ауданы әкімдігінде қала әкімі Ерлан Айтаханов Қырғы базардың саудагерлерімен жүздесу керек болатын. Бірақ ала дорба арқалағандар келмей қалды. Әкім мәселеден қашпай, бетпе-бет жүздесуді жөн көрді. Бірден адам қарасы үзілмейтін базарға барып, ашуға булығып тұрған азаматшалардың ортасына кіріп кетті. Әрине, жабайы тіршілікпен жан баққандар бала-шағаның қамы үшін биліктің өкілдерін жағадан алып, айқайға басты.

Сатушылардың көпшілігі әйел азаматшалары. Бірін несие мазалап жатса, енді бірін тауардың мерзімі ойландырып тұр. Түптеп келгенде барлығының мақсаты бала-шағаны бағу. Түсінікті. Бірақ заңды бұзуға болмайды. Билік басшылары бұл саудагерлерді сыртқа сүйреп жатқан жоқ, керісінше базардың ішінен жәй беріп отыр. Екі ай тегін тұрғызуға да уәде берді. Бірақ, ретсіз саудада жүргендер оған да келіспеді. Қырғы базардың сыртында қалтадан салыққа қаржы шығармай, сыртта тұра бермекші.

Жұрт  жайма базардың арзандау тауарына үймелеуге үйреніп кеткен. Бірақ, «арзанның сорпасы татымас» деген сөзді ескерген де жөн. Күннің астында, көшеде көтерілген шаңның ортасында тұрған азық-түліктің сапасы қандай екеніне көпшілік мән беріп жатқан жоқ. Бағасы қолайлы тауарды тұтынам деп, баға жетпес денсаулығыңыздан айрылып жатпаңыз. Жә, жарайды. Көтерілген мәселенің ортасына қайта кірейік. «Саудагерлер нәпақамызды тартып алды»-, деп Қырғы базардың ортасында қырғын салып, айқайға басып шулады. Әкім Ерлан Қуанышұлы бұл даудан сытылып кетпестен, ортасында тұрып шексіз ойдың шешімін айтты.

Сабыр түбі — сары алтын. Байбалам салғаннан гөрі, билік пен ретсіз сауданың кейіпкерлері келісімге келген әлде қайда тиімді. Әр нәрсенің өз орны мен уақыты бар. Міне, жабайы сауданы жинастыратын мерзімде жетті. Бұрынғыдай бұл жәй Шымкент емес, үшінші мегаполиске айналған аймақ. Бұл аз десеңіз келер жылы Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы болмақ. Осыған дайындық қазірден басталды. Базар маңдарын көркейтіп, көрінісін көзге келбетті ету жоспарда. Ол үшін сіз де, біз де қарап жатпай үлес қосайық. Әркім өз мүддесі үшін айқаспай, ынтымақта болған абзалырақ. Әкімнің осы ойын түсінген саудагерлер соңында күлімдеп, мәмілеге келе бастады.

Жырға айналған жабайы сауда осылай жылда көтеріліп жүр. Бірақ «наным бар, наным бар дегенше, жеп тынған артық». Қызыл лентадан асып, мегаполистің көркін құртып тұрған ретсіз тіршілікті уақытында тоқтатқан дұрыс-ау. Сонда сауда соңында қалатын қоқыста тазарып қалар еді.

«Айғақ» ақпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

  Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

Шымкентте саябақтар мен көшелерде қаңғыбас иттер қаптаған. Мамандардың айтуынша, мәселенің бір ұшы — жануарларды бақылаусыз қалдыратын тұрғындардың өзінде. Дендрологиялық саябақта...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.