Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Алматы облысында Ілияс Жансүгіровтің ескерткіші бой көтерді
    Айғақ MEDIA

    Алматы облысында Ілияс Жансүгіровтің ескерткіші бой көтерді

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.10.20191 826 Views

    Қазақ поэзиясының Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтің туылғанына биыл — 125 жыл! Алаш арысының есімін ұлықтап, шығармашылығын насихаттайтын бүгінгі ұрпағы өзі туған жерінде асқан құрмет көрсетті.

    Алматы облысы, Ақсу ауданының Жансүгіров кентінде бой көтерген тас мүсіннің ашылу рәсімі «Дала дастаны» спектакліне ұласты.

    Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1894 жылы Алматы облысының Ақсу атты ауданында дүниеге келген ол Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын бітірген, соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
    І.Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» Телередиокомпаниясының бас директоры Дулат Әбіш те арнайы шақырту алған болатын.

    Мерейтойды ұйымдастырудың басы-қасында жүрген ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы. Бұл шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы келіп, рухани жаңғырумен астасқан айтулы жиынның алғысөзін ашып берді.

    Ал, бүгінгі жиынға Ташкенттен арнайы келген Қазақстан мен Өзбекстан достығының дәнекері болып жүрген жазушы, Өзбекстан Республикасының Тұран Ғылымдар Академиясының және Қазақстан Республикасының Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі, профессор Қалдыбек Сейдановқа Алматы облысының әкімі амандық сұрасып, құрмет көрсетті.

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.