• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Премьер-Министр А. Мамин Моңғолия Премьер-Министрі У. Хурэлсухпен келіссөздер өткізді

10.10.2019
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолия Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөздер өткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, тау-кен, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан-Моңғол қатынастарының ілгерілемелі дамуының негізі қаланды. Президент Қ. Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Моңғолиямен ынтымақтастықты тиімді дамытуға баса мән береді», — деді А. Мамин.

 Өз кезегінде, У. Хурэлсух Қазақстанның Азиядағы және жалпы халықаралық аренадағы беделін атап өтті.

«Біз халықтарымыз бен мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және оны сапалы жаңа деңгейге шығаруға қызығушылық танытамыз», — деді ол.

Үкімет басшылары өзара тауар айналымын одан әрі арттырудың маңызды әлеуетін атап өтті, ол 2018 жылы $80 млн құрады. Тау-кен өнеркәсібіндегі, құрылыс, мал шаруашылығының дайын өнімін, кашемир, былғары шығару және қайта өңдеу, транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ, халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдай жасау туралы ШЫҰ келісімі аясында екі ел арасындағы қатынасты жандандыруды қоса алғанда, өзара іс-қимыл келешегіне ерекше көңіл бөлінді.

А. Мамин Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның 2021-2024 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастығын белсендіру жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлеуді ұсынды.

«Сауда-экономикалық ынтымақтастықты қос тараптан да арттыру арқылы екіжақты сауданың барлық әлеуетін ашу қажет. Қазақстандық тарап Моңғолия нарығына Қазақстаннан жеткізіле алатын 100 әлеуетті тауарды қамтыған тізімді әзірледі», — деді ҚР Премьер-Министрі.

А. Мамин Нұр-Сұлтанның Ұлан-Батырмен қарым-қатынасындағы маңызды байланыстырушы фактор Моңғолиядағы қазақ диаспорасы екенін атап айтты — 120 мыңнан астам қазақтың 90 мыңы Баян-Өлгей аймағында тұрады. Премьер-Министр тұрақты негізде бірлескен мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу, шығармашылық ұжымдармен және ғылыми мекемелермен алмасу қажеттігін айтты. Үкімет басшысы алдағы екі жылда Қазақстанда Моңғолияның Мәдени күндерін және Моңғолияда осындай күндерді өткізуді, сондай-ақ, Өлгей қаласында Абай Мәдени орталығын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен келесі бірқатар құжаттарға:

  •  Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 1993 жылғы 22 қазандағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға;

  • терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге;

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Моңғолияның Білім, мәдениет және ғылым министрлігі арасындағы білім беру, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара мойындау туралы Келісімге;

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Моңғолияның Білім, мәдениет және ғылым министрлігі арасындағы 2008 жылғы 6 тамыздағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға;

  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау комитеті мен Бас ветеринарлық басқарма – Моңғолия Үкіметінің Атқарушы агенттігі арасындағы ветеринарлық бақылау мен қадағалау саласындағы меморандумға;

  • Нұр-Сұлтан қаласы мен Ұлан-Батыр қаласының арасындағы бауырластық қатынастарды орнату туралы келісімге;

  • Моңғолияның өсімдік шаруашылығы және егіншілік институты мен А. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік астық шаруашылығы орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Моңғолия үкіметі басшысының Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің іскерлік топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумын өткізу, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық жасыл технологиялар орталығына бару жоспарланған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.