• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Сұлтанбек Қожанов туған Ақсүмбе ауылында тамаша жоба басталды

04.10.2019
0

Биыл Сұлтанбек Қожановтың туылғанына — 125 жыл. Созақ ауданының Ақсүмбе ауылында дүниеге келген алаш азаматын қазақ жұрты ұлықтап жатыр. 1894 жылы Созақ ауданына қарасты Ақсүмбе ауылында дүниеге келген қайраткердің туған жерінде салтанатты іс-шара өтті.

«Ұлтын ұлықтаған қайраткер» тақырыбында басталған игі іске жүрегінде ұлтқа деген махаббаты бар, Алаш арыстарына құрметі зор азаматтар қатысты.

Сұлтанбек Қожановтың кіндік қаны тамған ауылда қазір 80 шаңырақ бар. Жылына 15 шақты бала туылады екен. Аудан орталығы Шолаққорған ауылынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Киелі ұя Сұлтанбек Қожановтың сүйіп өскен мекені. Қаратаудың етегінде жатқан Ақсүмбеге жиылған жұрт Құран бағыштап, қайраткердің есімін туған жерімен қоса насихаттады. Ұлтқа қызмет еткен ұстаз, ғалымның туған жерінде ұрпағы өсіп жатыр. Бұрын «Кыргиз» деген атты «Қазақ» деп ауыстыруға үлес қосқандардың қатарында дәл осы Қожанов бар. Сталиннің алдында батыл сөйлеп, ержүректігімен есте қалған Алаш арысының ауылында дәстүрлі ән шырқалып, естелік әңгімелер айтылды.

Қаратаудың етегінде жатқан ауылда Ақбикеш мұнарасы бар. Ең биік нүктеде тұрған мұнараның тарихы өз алдына бір әңгіме. Көрінісі жалғыз қалған өркешке ұқсас. Сұлтанбек Қожанов туралы дерек іздеп, алаш арысының туған жеріне сәлем беруге келгендер сол мұнараға барып, тарихи орыннан рухани азық алып қайтады. Айта берсең, әңгіме көп Ақсүмбе ауылынан шыққан  Қожановтың бір өзі таусылмайтын тақырып.

Сырлы Созақтың тумасы киелі Түркістанда орыс мектебінде білім алып, Ташкентте мұғалім семинариясын аяқтаған. Мәскеуде білімін жалғастырып,  Кеңестік билік тұсында болған ашаршылыққа қарсы күресіп, белсенділік танытқан қайраткер. Тағдырына терең із қалдырған бағы да, трагадеясы да Сұлтанбек Қожановтың ұлтшылдығы. Ұлт мүддесін жоғары қойған ұлтжандылығы қайран ерді көбелектей отқа жақты. 1937 жылы жазықсыз Ташкентте тұтқындалып, Мәскеу қаласындағы бұрын Ягоданың саяжайы болған жерде атылған.

Сол Коммунарка зиратында үш арыстың жатқаны 2011 жылдары белгілі болды. Онда Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұловтың сүйегі қалған. Сол жылы «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбіш бастаған шығармашылық ұжым Мәскеуге барып, Коммунарка зиратының ішіне белгітас орнатып қайтқаны көпшіліктің есінде болар. Міне, сол арысымыздың еңбегі, ерлігі ұрпаққа насихатталып жатқаны қуантады.

Ақсүмбе ауылынан шыққан кейін Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда конференция ұйымдастырылды. Шақыртылған қонақтар «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» ғылыми жиынға қатысып, экспедиция жолға шықты. Яғни «Ақсүмбеден Ақсу-Жабағылыға дейін» экспедициясы Тұрар Рысқұлов туған өлкеге аттанды. Қос қайраткердің 125 жылдығы енді Түлкібас ауданында өтетін іс-шараға ұласпақ. Алаштың екі бірдей азаматын бөле-жармай біріктірген ғажайып жоба осылай Ақсүмбеден басталды.

Бағлан Байкөбекқызы

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Жүктілік – әйел өміріндегі ең жауапты кезең. Бірақ осы уақытта мемлекет қандай медициналық көмекті тегін ұсынады? Ал МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған...

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысатын азаматтар үшін тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталды. Қайтарымсыз негізде берілетін бұл әлеуметтік қолдау...

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Масаң күйде көлік жүргізген азамат жүргізуші куәлігімен қош айтысты. Енді 7 жылға дейін көлік тізгіндей алмайды. Оқиғаның мән-жайы былай. Қазір...

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте патрульдік полицейлер өрттің алдын алдв. Ташенов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қою түтінді байқап, оқиға орнына бірден жеткен. Олар...

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Жолдағы қауіпсіздік пен техниканың сақадай сай болуы – кез келген тапсырманы мінсіз орындаудың басты кепілі. Осы мақсатта Шымкент гарнизонында автокөліктердің...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.