Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні сағат 15.00-де Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты, деп хабарлайды Ұлттық музейдің баспасөз қызметі .
Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ең құнды жәдігері, Қазақстанның символы саналатын «Алтын адам» қойылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорларынан барлығы 346 жәдігер ұсынылды.
Бүгін, 2019 жылғы 30 қыркүйек күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі аясында Қазақстан ғалымдары лекция оқыды. Табиғи тарих музейінің директоры, доктор Фаризавати бинти Сабри модератор болды.
«Қырым аралы» ғылыми-қайта қалпына келтіру зертханасының басшысы Қырым Алтынбеков «Археологиялық қазбаларды консервациялау және қайта қалпына келтіру» тақырыбында лекция оқыды. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері Яна Лұқпанованың «Ұлы даланың көшпенді элитасы» атты лекциясы тыңдалды.
Сонан кейін ертеңгі ашылатын көрме бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихатына Малайзиядағы БАҚ өкілдері белсене қатысты. Шараға ҚР Ұлттық музейі Халықаралық қатынастар бөлімінің жетекшісі Гүлнар Махметова, «Қырым аралы» ғылыми-қайта қалпына келтіру зертханасының басшысы Қырым Алтынбеков, Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері Яна Лұқпанова және Малайзия музейлері департаментінің Бас директоры Датук Камарул Бахарин бин А.Касим қатысты.
Аға ғылыми қызметкері Яна Амангелдіқызы тамыры тереңде жатқан тарихымыз туралы танымдық дүниелерді тілге тиек етті.