Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Түркістан қаласындағы медиаорталықтың құрылыс алаңында болды, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бұл — Алматының еліміздің рухани астанасына жасаған сыйлығы. Айта кетерлігі, ол қаланың жаңа әкімшілік- іскерлік орталығындағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың біріне айналмақ. Медиаорталық астаналық «Қазмедиа орталығы» ТРК-дан кейін жаңадан салынған екінші нысан болып табылады.