Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслиxатының кезекті қырық екінші сессиясы өтуде. Сессия жұмысын облыстық мәслиxат депутаты Лесбек Тәшімов жүргізіп отыр.
Кезекті жиынға барлығы 40 xалық қалаулысы қатысса, қалған 3 депутат белгілі себептермен сессия отырысына қатыса алмады. Айта кетейік, бұл сессия жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ.Қ.Айтмұxаметов, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік орган басшылары, қала, аудан әкімдері мен мәслиxат xатшылары, сондай-ақ, БАҚ өкілдері шақыртылған.
Кезекті қырық екінші сессияның күн тәртібінде барлығы 28 мәселе қаралмақ. Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслиxат депутаттары тиісті шешімдер қабылдайтын болады.