Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Үкімет отырысында Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды
    Әлеумет

    Үкімет отырысында Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.09.2019950 Views

    10 қыркүйекте өткен ҚР Үкіметінің отырысында Президенттің «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданып, 2019 жылдың 8 айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

    Үкіметтің кулуарында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері күн тәртібінің тақырыптары бойынша қызығушылық танытқан өзекті мәселелерге жауап алды.

    Үкімет биылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі 5 бағыт бойынша 81 іс-шарадан тұратын Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қабылдады. Құжат Мемлекет басшысына бекітуге жіберіледі.

    Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы 81 іс-шарадан тұрады, оның ішінде «Қазіргі заманғы тиімді мемлекет» бағыты бойынша 11 іс-шара, «азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша 15 іс-шара, «қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» бағыты бойынша 27 іс-шара, «әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бағыты бойынша 18 іс-шара, «қуатты өңірлер – қуатты ел» 10 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

    ҚР Премьер-Министрі А. Мамин барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге аталған құжатты Мемлекет басшысы мақұлдағаннан кейін бірден алға қойылған міндеттерді орындауды бастауға кірісуді тапсырды және Үкіметтен нақты жұмыс нәтижесі күтілетінін атап өтті.

    Екінші мәселені қарау барысында Үкімет басшысына 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ЖІӨ өсімі 4,3% құрағаны баяндалды. Бірқатар бағыт бойынша оң өсім қарқыны байқалады. Асқар Мамин Үкіметтің басты міндеті — ЖІӨ-нің жыл сайынғы тұрақты өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтіп, кейбір өңірлерде құрылыс, инвестициялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіштерінің төмендеуіне қатысты жағдайды қысқа уақыт ішінде түзеуді тапсырды.

    «Өткен аптада Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, онда Елбасының саясатымен сабақтастық көрініс табады және Үкіметтің экономиканы одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар негізгі міндеттері белгіленген. Үкіметтің басты міндеті – ЖІӨ-нің жыл сайынғы тұрақты өсуін қамтамасыз ету және оны 2025 жылға қарай 5% және одан да жоғары деңгейге жеткізу», — деп А. Мамин, салалық министрліктерге белгіленген мақсатты индикаторларға қол жеткізу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.