• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

С.Жақыпова: Egov порталында статусты анықтау бойынша сервис ұйымдастырылды

31.08.2019
0

ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова өмірде қиын жағдайға тап болған қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

С. Жақыпова айтқандай, мемлекет есебінен займдары мен несиелері бойынша қарызды өтеу мүмкіндігін қазақстандықтар электронды үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесін азайту бойынша бағдарламаға қатысу үшін статусын тексеру» электронды сервисінің көмегіне нақтылай алады. Ол үшін ЭЦҚ қажет.

«Egov порталында статусты анықтау бойынша сервис ұйымдастырылды. Адам өзінің ЭЦҚ арқылы кіріп, порталға тіркеледі де, ЖСН көріп, жауап ала алады», — деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Оның айтуынша, бұдан әрі бүгінде туындап жатқан мәселелерге байланысты сервисті жетілдіру көзделген.

«Қандай да бір санатқа жатқызылғанымен, азаматтардың өз статусын анықтай алмауына байланысты шағымдар бар. Егер адам өзінің осы санатқа жататынын негіздей алса, онда тізім толықтырылатын болады. АХАЖ деректер базасы цифрлық форматқа 2008 жылы көшірілгенін, бірақ 2008 жылға дейін жасалған азаматтық жағдай актілері барын және олардың цифрландырылмағанын, сондықтан деректер базасында жоқтығын ескеру қажет.  Бұл жағдайда азаматтар АХАЖ бөліміне барып, өзінің неке туралы куәлігін цифрландыруы қажет. Осылайша, өзектендіру режимінде біз осы азамат туралы мәліметтер аламыз, ал борыш жүктемесін азайту туралы тізімдер толықтырылатын болады», — деп түсіндірді С. Жақыпова.

Мәселен, бір және/немесе екі ата-анасынан айырылған азамат неке туралы немесе туу туралы куәлігін цифрландыру үшін Білім және ғылым министрлігіне, ал заңды некеде тұратын отбасы мүшесі — Әділет министрлігіне жүгінуі тиіс.

«Егер 29 жасқа дейінгі жетім адам өзін порталдағы тізімнен таппаған болса, ол өзін тізімге енгізу үшін БҒМ-ге жазбаша түрде жүгіне алады. Бұл ретте ол ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлікті және туу туралы куәлігін қосымша ұсынуы тиіс. Осылайша, БҒМ онлайн режимде тізімді бізге береді, ал біз оларды порталда толықтыратын боламыз», — деп түсіндірді вице-министр.

Қазіргі кезде қиын жағдайға тап болған және өзінің несиелік міндеттемелерін орындай алмайтын азаматтар санатында көпбалалы отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмекті алатындар, жетім балалар бар.

Банктер мен шағын қаржылық ұйымдардан кепілдіксіз тұтынушылық несие алған барлық азаматтар үшін 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару жүргізілетін болады.

«Бізді мақсатымыз — өмірде қиын жағдайға ұшыраған қазақстандықтарға көмектесу, оларға өз отбасыларының қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру. Бір реттік акция ретінде тікелей және атаулы қаржылай көмек түрінде осы санатқа жататын әрбір қарыз алушы үшін екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржылық ұйымдарда жалпы көлемі 300 мың теңгеге дейінгі негізгі қарыз бен оған есептелген сыйақы өтелетін болады», — деді С. Жақыпова.

Бұл ретте ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жалпы қарыз көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Егер займ көлемі 300 мың теңгеден асатын болса, онда олардың қарызының бір бөлігі 300 мың теңге көлемінде өтелетін болады.

Вице-министр атап өткендей, жеке тұлғалардың төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен барлық кепілдіксіз тұтынушылық займдары бойынша несиелерді беру мен қызмет көрсетуге қатысты комиссиялар және басқа төлемдерді есептеуге тыйым салу енгізіледі.

«Министрлік басқа да өкілетті органдармен бірлесіп деректер базасын тексерді, аталған санаттарға жататын тұлғалардың жеке деректері айқындалды. Бүгінде несие бюросына 2 млн 289 мыңнан астам адамның мәліметтері берілген. Саны анықталды, тізімдер берілді», — деді ол.

Тізімдер бірегейлігіне тексеріліп, Ұлттық банк мен Мемлекетік несие бюросына берілді. Ұлттық банк өз тарапынан тиісті жұмыстар жүргізді, оның ішінде несиелері жоқ адамдарды, жалпы қарыз көлемі 3 млн теңгеден асатындарды және займдары коллекторлық ұйымдарға берілгендерді тізімнен шығарды.

«Проблемалы  несиелер қоры екінші деңгейлі банктермен келісімшарттар жасайды. Бүгінде несиелері өтелетін 507 мыңға жуық адам анықталды», — деді С. Жақыпова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі атап өткендей, бұл ретте бір адамда 3 млн теңгеден аспайтын көлемде 2-3 несиесі болуы мүмкін.

«Қоғамда егер ерлі-зайыптылардың екеуінде де несие болған жағдайда ол қалай өтеледі деген сұрақ жиі туындайды. Тиісінше, ереже бойынша егер Жарлық шарттарына сай келсе, екеуінің де несиесі өтеледі», — деді С. Жақыпова.

Еске салайық, 2019 жылы 26 маусымда ҚР Президенті Қ. Тоқаев өмірде қиын жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту бойынша уақытылы көмек көрсету үшін бір реттік тәртіппен екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржылық ұйымдардан алған кепілдіксіз тұтынушылық қарыздарын өтеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырған еді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

  Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

Шымкентте саябақтар мен көшелерде қаңғыбас иттер қаптаған. Мамандардың айтуынша, мәселенің бір ұшы — жануарларды бақылаусыз қалдыратын тұрғындардың өзінде. Дендрологиялық саябақта...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.