Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап. «Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет»,-деді Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейтіндігін, ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын екендігін атап өтті.
Дереккөз: ҚазАқпарат.