Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ерлан Айтаханов: Оқу маусымы басталғанда үлкен шудың басы — мектеп формасы
    Айғақ MEDIA

    Ерлан Айтаханов: Оқу маусымы басталғанда үлкен шудың басы — мектеп формасы

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.08.2019586 Views

    Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов BILIM jane GYLYM тақырыбында өткен тамыз конференциясына қатысты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Ол конференциядағы кіріспе сөзін Мағжан Жұмабайұлының қанатты сөзімен бастады.

    «Алты алаш бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деген сөзді тегін айтпаса керек. Алаштың көшін өрге сүйрейтін қайыспас қажырлы мұғалімдер біздің болашағымыз — балаларды тәрбиелеп, елдің ертеңін қамтамасыз ететін ең қадірлі жандар», — деді әкім.

    Балаларды сәби кезінен рухани құндылықтарға баулып өсіру қажет екенін айтқан қала басшысы оқушылардың рухани дамуын жетілдіру, ұлтжандылыққа, мәдениетке тәрбиелеу мақсатында үшжылдық «Ұлттық тәрбие тұжырымдамасын» жасауды айтты.

    Сонымен қоса, ұстаздың мәртебесі мен білімнің сапасын көтеру жайын қозғаған әкім ең алдымен мектеп айналасын пайдакүнем бизнесмендерден арылтуды атап өтті.

    «Жасыратыны жоқ, мектеп формасы жылда жаңа оқу маусымы басталғанда, үлкен шудың басы болып келеді. Себебі, біздің тұрмысымызда әлеуметтік шиеленістер, жағдайы төмен отбасылар бар екенін жақсы білесіздер. Мектеп оқушыларының формасы әр мектепте әр бөлек. Мектептердің әрқайсысы өз формасын бекітіп алған. Мәселен, ата-ана үйінің жанындағы лицейге баласын оқытқысы келсе, ол лицейдің оқушы формасы тым қымбат тұрады. Әлеуметтік наразылық осындайдан туындайды. Бұл жерде мектеп оқушыларының да формасын бірыңғай жүйеге көшіру керек. Мектеп формасын бизнеске айналдырып, ақша табудың көзі қылуды доғару керек», — деді Айтаханов.

    Конференция барысында жаңа оқу жылына қойылған міндеттер мен мақсаттар баяндалды. Шымкент қаласы биылғы 2019-2020 оқу жылын 253 мемлекеттік, 445 жекеменшік білім беру ұйымдарындағы 294 мыңнан астам білім алушылармен бастамақ. Сонымен қатар, білім саласында үздік жетістіктерге жетіп, біліктілігімен ерекшеленген бірқатар ұстаздар министрліктің және қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.