«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 630 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бөлінді.
«2019 жылы 19 тамызындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 630 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 71 проценті», — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.