• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қоғам белсендісі партия қатарына қабылданды

21.08.2019
0

   «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек көптен бері партия мүшесі болуды армандап жүрген ақтаулық қоғам белсендісі Баян Жалмағанбетованы арнайы қабылдап, оған партиялық билетін салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды nurotan.kz.

Партия ақпаратына сәйкес, Баян Жалмағанбетова елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғап, әлеуметтік желілер мен басқа да алаңдарда осы мәселені жиі көтеріп жүрген белсенділердің бірі. Өзі де тағдырдың сынағына тап болғанымен, оған еш мойымай, алға ұмтылып, игі істерімен танылып келеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы бастамаларын «Nur Otan» партиясымен бірлесіп жүзеге асыруды мақсат тұтқан ол партия мүшесі болуды көптен бері көздеп жүрген. Сондықтан да өткен жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтерек» монументі маңында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездейсоқ кездесіп қалған кезде бірден осы ойын жеткізген. Сол кезде партия Төрағасының Бірінші орынбасары алдағы уақытта арнайы кездесіп, партияға салтанатты түрде қабылдайтынын айтқан еді.

«Сол кезде берген уәдемізге байланысты бүгін уақыт бөліп, өзіңізбен арнайы кездесіп отырмыз. «Nur Otan» партиясы осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған еліміздегі жетекші саяси күш. Сол уақыттан бері партия халқымыздың бірлігі мен ел іргесінің беріктігін қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан қатарымызға өзіңіз сияқты еліміздің ертеңіне бей-жай қарамайтын, нағыз патриот азаматтарды қабылдаймыз», – деген Бауыржан Байбек қазіргі таңда партия жұмысын қайта жандандыру ісі қарқынды жүргізіліп жатқанын және алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын тілге тиек етті.

Сонымен қатар ол өмірде түрлі қиындықтар мен сынақтардың болатынын, ондай кезде адам сағы сынбай, алдына нақты мақсаттар қойып, соған талпыну қажет екенін айтып, Баян Жалмағанбетованың белсенділігі барша қазақстандықтарға үлгі екенін жеткізді.

«Біздің партия қиындықтарға қарамастан жолдан жаңылмай, арман-мақсатына жету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан сіз сияқты азаматтарды қолдайды. Бұл – партия Төрағасының тікелей тапсырмасы. Сондықтан біз сіздің қатарымызға қосылып, партия мүшесі атануыңызды зор қуанышпен қабылдаймыз. Соған байланысты бүгін өзіңізді арнайы қабылдап, партиялық билетіңізді салтанатты жағдайда тапсыруды ұйғардық», – деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Баян Жалмағанбетова партия Төрағасының Бірінші орынбасарына жеке қабылдап, зор қошемет көрсеткені үшін шексіз алғысын білдіріп, «Nur Otan» партиясының мүшесі атанғанына ерекше қуанышты екенін жеткізді.

«Бұл менің көптен бері ойлап жүрген арманым болатын. Өйткені Елбасы партиясының әлеуметтік бағыттағы бастамаларды табысты жүзеге асырып келе жатқанын және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған «Кедергісіз келешек» жобасының бар екенін жақсы білемін. Сондықтан өзім осы партияның мүшесі болып, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсартуға партиямен бірге өз үлесімді қоссам деймін», – деді Б.Жалмағанбетова.

Сонымен қатар, қабылдау барысында осы салада белсенді еңбек етіп жүрген азамат Жәнібек Орынбасаровқа да партиялық билеті салтанатты түрде тапсырылды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.