• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

2019 жылғы қаңтар–шілде айларында экономиканың барлық салаларында макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарды

13.08.2019
0

   ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу  қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша ЖІӨ оң қарқыны сақталғанын айтты, өсім 4,2% құрады.

«Серпін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың тұрақты қарқынымен қамтамасыз етілді», — деді Р. Дәленов.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, инвестициялар серпіні ЖІӨ өсу қарқынынан озық, олардың өсуі 11,3% құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығында (61,4%), құрылыста (46,3%), саудада (23%) және өнеркәсіпте (18,9%) өсті.

Өнеркәсіп өндірісі биылғы қаңтар-шілдеде 2,7% өсті. 2019 жылғы қаңтар–шілдеде құрылыста (11,5%), саудада (7,5%-ға), көлік саласында (5,4%-ға), ауыл шаруашылығында (3,5%-ға), өнеркәсіпте (2,7%-ға) және байланыс қызметтерінде (2,6%-ға) оң қарқын байқалды.

ҰЭМ басшысы 7 айдың қорытындысы бойынша көптеген көрсеткіштер бойынша оң қарқын сақталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Р. Дәленов орталық және жергілікті атқарушы органдардың назарын негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етуге, инвестициялық жобаларды бақылауды қамтамасыз етуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымын барынша пысықтауға және инфляцияны бақылауды күшейтуге аударды.

Бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов осы жылдың 7 айындағы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары туралы баяндады. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджет кірістерінің өсімі 114,5%, республикалық — 118% және жергілікті бюджет — 106% құрады.

Б. Шолпанқұлов бюджеттердің барлық деңгейлерінде қаражатты игеру 2018 жылмен салыстырғанда жақсарғанын айтты.

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 4 трлн. 984 млрд. теңге көлемінде немесе жоспарға шаққанда 103,6% кіріс түсті.

Республикалық бюджет шығыстары 98,9%-ға игерілді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға 555 млрд теңге көзделген, ағымдағы жылдың 1 тамызына шығыстар 272,5 млрд теңгеге немесе игерілді.

Берік Шолпанқұлов сонымен қатар мемлекеттік аудит және камералдық бақылау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мәселен, есепті кезеңде 719 млрд теңге бюджет қаражатына аудит жүргізілді. Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 121 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Аудит жүргізу барысында 114 млрд теңге сомаға бұзушылықтар түзетілді, оның ішінде 7 млрд теңге қалпына келтірілді, 2 млрд теңге өтелді және 105 млрд теңге есеп бойынша көрсетілді. Өз кезегінде, камералдық бақылаумен жалпы сомасы 6 трлн теңгеге 1 млн мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Нәтижесінде 379 млрд теңге сомаға бұзушылықтарға жол берілмеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.