• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА КӨШУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?

08.08.2019
2

Қостанайға қоныс аударуға ниетті азаматтарға «Айғақтан» аңдатпа!

?»Еңбек» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 2016 жылдан Қостанай облысына Түркістан облысынан 617 адам көшіп келген, оның ішінде 319 ер адам және 298 әйел қоныс аударды.

?Қоныс аудару бірінші кезекте облыстың еңбек нарығын толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.
Осы орайда, халық көп қоныстанған өңірлерде өткізіліп жатқан бос орын жәрмеңкелерінде ниет білдіргендерге бірінші кезекте облыста сұранысқа ие мамандықтар ұсынылады.

?Келген кезде қоныс аударушылар Жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос орындарға орналастырылады, ұсынылған жұмыс ұнамаған жағдайда жұмысты өз бетінше іздейді.
Келген қоныс аударушылар мұғалім, дәрігер, механизатор, аспазшы, менеджер және т.б. мамандықтар бойынша жұмысқа орналастырылды. Қостанай облысына келген 617 қоныс аударушының 292-і – еңбекке жарамды, оның ішінде 243 адам (83,2%) жұмысқа орналастырылды.

?Кез келген азамат Жұмыспен қамту орталығына өтінім берген кезде мамандар бұл мәселе бойынша консультация жүргізеді, Бағдарлама аясында тегін кәсіптік оқытудан өту, сондай-ақ қаласа еңбек нарығында сұранысқа ие екінші мамандық алу мүмкіндігі ұсынылады. Негізінен, қоныс аударушылар келген бетте жұмысқа орналастырылады.

?Облыс бойынша жұмыс күшіне қажеттілік жыл сайын 6 мыңға дейін бірлікті құрайды. Қазіргі таңда облыстың еңбек нарығында көп талап етілетін білікті жұмысшы мамандықтар: механизаторлар, үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері, құрылысшылар, электр жабдықтарының мамандары, аспазшылар және т.б. Облыста дәрігерлер, мұғалімдер мен техникалық бағыттағы мамандарға тұрақты қажеттілік байқалады.

?Ауыл шаруашылығын дамыту үшін жеңілдік пайызы бойынша түрлі микрокредит беру бағдарламалары бар, сондай-ақ «Еңбек» Бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру және микрокредит беру қарастырылған.
✔Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын ✔Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
✔Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (252,2 мың теңге) беріледі, ал жастарға, көпбалалы және табысы аз отбасыларға, еңбек етуге қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (505,0 мың теңге) беріледі.
✔«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқу мүмкіндігі бар. Оқудан өткеннен кейін өтеусіз негізде мемлекеттік грант немесе жеңілдік шарттары бойынша микрокредит алуға болады. Ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 3 адам оқудан өтті.

?Тұрғын үй нарық бағасы бойынша жалпы негізде сатып алынады. Қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек төлемі қарастырылған – отбасындағы адам санына байланысты он екі ай бойы ай сайын қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін 20-дан 30 дейінгі АЕК мөлшерде (50500 — 75750 теңге) және ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін 15-ден 21 дейінгі АЕК мөлшерде (37875 – 53025 теңге).

?Сонымен қатар, қоныс аударушылар материалдық көмекті отбасына бір жылға есептелген сома шегінде (454,5 мың теңгеден 909,0 мың теңгеге дейін) біржолғы алуға және оны меншікке тұрғын үй сатып алуға пайдалануға құқылы (алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде).

?Қалада тұратын қоныс аударушылар негізінен тұрғын үйді жалдап тұрады, ал ауылда сатып алады.

«Айғақ-Ақпарат»

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

Айғақ медиа
28.08.2026
0

Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.