Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан кейін осымен екінші рет келді. Қазіргі таңда қалпына келтіріліп жатқан әлеуметтік нысандар мен қираған баспаналарды көріп шықты. Апаттан айтарлықтай зардап шеккен нысандардың қатарында көп қабатты тұрғын үйлер де бар.
Күрделі жөндеуден өтіп жатқан баспананың тұрғындарына тиісті жағдай жасау керек. Премьер-министр осыны айтты. Арыстағы арпалыста «Алтын тұмар» бөбекжай балабақшасының қызметкерлері ерлік көрсеткен. Ғимаратына зақым келген балабақшаға Үкімет басшысы арнайы келді. Ал, Арыс қалалық орталық ауруxанасы алдағы 20 күннің көлемінде пайдалануға берілмек. Айталық, 212 орынға арналған ауруxанаға 12 жылдан бері жөндеу жұмысы жүрмеген. Жарылыстан 50 пайызы зақымданған медициналық мекемені «Самырұқ Қазына» мойнына алған.
Осы сапарында Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысының өз секторында атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Бұл штабтың иығында жойылып кеткен 3-4 баспананы қайта салу тұр. Бұл облыстың әкімі Даниял Аxметов құрылысты толық аяқтап, жұмыстарды сапалы етеміз деп уәде берді. Осы аралықта Тұрғындар Премьер-министрге өтінішін де айтып үлгерді. Арыстық ағайындар өртенген көліктеріне де көмек беруді сұранып отыр.