Бүгінгі БАҚ-ның қоғамдағы мүшкіл жағдайы туралы жиі айтамыз. Бұл тұрғыда кейбір сарапшылар медиакомпаниялардың түбіне ғаламтор жетеді деген сенімде. Олар әлеуметтік желіні негізсіз, дерек көзі көрсетілмеген қарадүрсін ақпарат жаулап алды деп пікір білдіруде.
Расында, шындыққа жанаспайтын не болмаса жалған ақпараттарды әлеуметтік желіде жиі кездестіріп жатамыз. Бұл дәстүрлі журналистикаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Ал бүгінгі XVI Еуразиялық Медиа Форумында бұл мәселенің шешімін табуға тырысып, журналистиканың жарқын болашағына көз тастау жоспарланып отыр.
«Біз қоғамға сапалы әрі жылдам ақпарат тарату үшін жұмыс жасаймыз. Әлеуметтік желідегі жалған ақпараттар, журналистерге халықтың сенімділігін сейілтеді», — дейді халықаралық деңгейдегі спикерлер. Алайда, әлеуметтік желінің журналистер мен қоғам үшін пайдалылығын мүлде жоққа шығар алмайтындығымызды да ескертіп отыр.