• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Ақиқаттың ақ қайнары» атанған Ақжан Ештайға арналған турнир өтті

18.05.2019
0

Қазақстан бойынша сот жүйесінде еңбек өтілі ең көп судья Ақжан Ештайдың өмірден өткеніне екі жыл. 30 жыл сот саласында жүріп бүйрегі шындық пен әділдікке бұрған азамат Төлеби ауданының тумасы. Киелі мекеннен нәр алған тау баласы талай-талай белесті бағындырды. Шығар шыңы әлі де биік болатын. Бірақ, тағдырына Тәңір 56 жасты жазыпты. Есімі мен еңбегі ел аузында қалған Ақжан Жайлауханұлын туған жерінде еске алып, спорттың сан түрінен спартакиада ұйымдастырылды.

Ақжан Ештай. Екі жылдан бері бейнесі бізден алыстағанмен, есімі ұмытылмайтын азамат. 1961 жылдың 5 ақпаны күні Төлеби ауданындағы Екпінді елді мекенінде дүниеге келген. Көп балалы отбасында өскен ол көпшіл, бауырмашыл болды. Қарағанды, Көкшетау қалаларында білім алып, еліміздің Торғай, Ақмола, Алматы аймақтарындағы сот саласында еңбек етті. Күрмеуі көп, түйіткілі мол жалғанда тер төгіп, заң саласында есімі өзгеден озық тұрды. Алматы қалалық сотының төрағасы болып еңбек етіп жатқан тұста лүпілдеп соғып жатқан жүрегі лезде тоқтап қалды. Қаралы күн 2017 жылдың 14 мамыры болатын. Ақиқаттың ақ қайнарын еске алып, туған жері Төлеби ауданында спартакиада өткізді.

Ақжан Жайлауханұлының негізгі хоббиі спорт болған. Әсіресе, футболды жақсы көріп, судьялар арасында өткен спартакиада кезінде жеңісті бермеген. Өзі қатысқан футбол, волейбол ойындарында тұғырдан түспеген тұлға. Сондықтан, жыл сайын еске алуға арналған спорттық ойындар ұйымдастырылып жүр. Осы жолы кіндік қаны тамған Төлеби ауданында тұңғыш рет өтті. Көзін көрген дос-жарын, ағайын-туыс бардың қадірін жоқ сәтте түсінетінін тағы бір сезді.

«Жүйрікте де жүйрік бар қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек». Дәл осы мақал елдің асыл азаматы Ақжан Жайлауханұлы секілді асыл азаматтарға айтылған. Нар тұлға өзі таңдаған заңгер мамандығына адал болумен қатар, қым-қуыт қызметтің ортасында дос жиған. Міне, соның нәтижесі болар рухына бас иген асыл достары жастар арасындағы спортық спартакиадада өз үлесін қосты.

Естеріңізде болса, өткен жылы Алматы қаласында Ақжан Ештайдың есімі жаңғырған болатын. Еліміздің жетекші оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде сот мәжілісі және медиация оқу залы ашылды. Аласұрып о дүниеге кетіп, мәңгілік ұйқыда жатқан Жайлауханұлы бұл жолы жас ұрпаққа насихатталды. Өмірбаяны доп тепкен әр спортшыға үлгі болып, жеңіске жігер тарту етті.

Бұл күні бауырлары мен отбасы көпшілікке ой бөлісіп, шерін тарқатты. Ақжан Ештай туралы көп естеліктер айтылғанда «жақсы аға көрсе өкшесін баспай ізін қуған, іні көрсе бетін қақпай белін буған» екен ғой деп ой түйдік. Леңгір қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектепті алтын медальмен бітірген Ақжан Ештайда бір кездері осы алаңда доп тепкен. Міне, сол сәт жиылған жұрттың есіне түсіп, амалсыз іштен тұнды. Соңында жұбайы мен төрт перзенті қалған Ақжан Жайлауханұлы Ештай ел есінде қалатын ер. «Ақиқаттың ақ қайнары» деген теңеуге лайықты болған азаматқа арналып ас беріліп, жарыс жеңімпаздары соңында жүлдемен марапатталды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.