• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Мамыр 26, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа геосаяси ахуалдың «Үш Д» үлгісін ұсынды

27.04.2019
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының сессиясында сөйлеген сөзінде қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудің жолдары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Елбасы кибер қауіпсіздік пен қолданыстағы коммуникацияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзектілігін және өңіраралық деңгейдегі бәсекенің арта түскенін атап өтті.
«Дамуды және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаһандық институттардың тиімділігіне қатысты сұрақтар туындауда. Экономика саласында «сауда теке-тіресі мен санкциялық соғыстар» пайда болды. Бүкіл әлем бойынша порттар мен әуежайлардың терминалдары арқылы жөнелтілетін жүктер кідіре бастады. Түптеп келгенде, бұл әлем экономикасының даму қарқынын бәсеңдетіп, халықтың, әсіресе, дамушы елдер тұрғындарының жағдайын нашарлатады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы әлемдік қоғамдастықты адамзаттың жаһандық проблемаларын шешу үшін жұмылуға шақырды.
«Алып құрлығымыздың дәл ортасында орналасқан Қазақстан Еуразияда тығыз серіктестік орнатуды әрдайым қолдайды. Біздің сыртқы саяси доктринамыз көп жақты ынтымақтастықты және бірлесе дамуды, сенім мен қауіпсіздікті нығайтуды көздейді. Біз бүкіл әлемге халықаралық күн тәртібіндегі ең күрделі мәселелерді талқылау бойынша да үлгі көрсете алдық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің ядролық қарусыздану және жаппай қырып жоятын қарудың таралуын болдырмау ісіндегі жетістіктеріне тоқталды.
«Біз геосаясат пен геоэкономикада кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерді шешуге септігін тигізетін жаһандық архитектураны қалыптастыру ісіне алдағы уақытта да атсалыса береміз. Менің ойымша, мұны «Үш Д» жаңа ахуалын қалыптастыру арқылы жүзеге асыруға болады. Мұны «Үш диалог» жүргізу қажеттігі деп түсінген жөн. Біріншісі жаһандық деңгейді қамтиды. Бұл — АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропа одағы арасындағы диалог», — деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев екінші диалогтың Еуразия деңгейінде қажеттігін атап өтті. Ондағы мақсат — Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының әлеуетін біріктіру.
«Үшінші диалог — бұл Еуразия экономикалық одағы, Еуропа одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығы арасындағы жүйелі экономикалық диалог. Осындай форматтағы экономикалық кооперацияны дамыту арқылы, біріншіден, елдеріміздің дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатының артуына зор серпін береміз. Екіншіден, экономиканы әртараптандырудың жаңа көздерін ашуға, бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға, бизнес ахуалын жақсартуға және мемлекеттердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жағдай жасалады. Үшіншіден, Үлкен Еуразияның жаһандық рөлін арттыруға мүмкіндік туындайды», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Соңында, Елбасы аталған үш диалогтың басталуы форумға қатысушылардың барлығының мүдделеріне сай келетінін атап өтіп, біріккен Еуразияның жарқын болашағы үшін өзара байланыстар орнатудың қажеттілігі туралы айтты.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Өндірісі мен инфрақұрылымы дамыған Еңбекші ауданына биыл 6,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Қала бойынша инфрақұрылым жағынан алдыңғы қатарда тұрған ауданда...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

БАХТЫБЕК ТАЛҚАМБАЕВТЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

БАХТЫБЕК ТАЛҚАМБАЕВТЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте арт-терапевт Бахтыбек Талқамбаевтің сурет көрмесі ашылды. Көрменің басты ерекшелігі — автордың «12 сиқырлы шаршы» атты тың жобасы. Аталған әдіс...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.