• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Мәдениет министрі Түркістан тарихының тағы бір құпиясымен бөлісті

27.04.2019
0

 Түркістан облысының орталығы тарихи, археологиялық орындарға бай екенінен бәріміз хабардармыз. Бірақ сол құндылығымыз қалай сақталады? Дәл қазіргі уақытта Түркістанда жүріп жатқан қызу құрылыс жұмыстары киелі орындарды жойып жібермей ме? Жұртты үрейлендірген күдікті сұрақ ойда бар екені жасырын емес. Осы мәселеге жауап беру мақсатында еліміздің мәдениет және спорт министрі рухани астанаға келді. Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ өкілдеріне Түркістанда тарихи құпиялардың тағы бір қырын ашты.

27 гектарды алып жатқан Күлтөбе қалашығы туралы сіз не білесіз? Түркістанның жауһары Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңындағы бұл орын IV-XIV ғасырларда ғажап қала болған деседі. Кейін күл талқаны шығып, жермен-жексен болыпты. Қазір қазба жұмыстары жүріп жатқан маңда түрлі үй-жайлардың орны ашылып жатыр. Күлтөбе толық ашылмайынша шаһар туралы нақты ақпарат айту қиын. Бірақ, нағыз туристердің орталығына айналары ақиқат. Еліміздің астанасынан келген мәдениет және спорт министрі тарихи орын туралы ақпараттарды мәлім етті.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бекіністің ішін БАҚ өкілдерімен бірге аралады. Күлтөбе қалашағының қабырғасында қызықты детальдар өте көп. Бір баспанадан, келесі баспанаға өтетін өтпелі жолдар, тұрмыстық заттар қойылған ойықтар, кірпіштен жасалған аркаларды көресіз. Қабырға, бұрылыс бұрыштар, жел тесіктер адамды қызықтырмай қоймайды. Бүкіл туристі өзіне қаратқан Өзбекстанның Бұхара қаласындағы АРК бекінісінен кем емес. Ендеше, рухани туризім елімізде неге кенжелеп тұр? Министр бұл туралы өз ойын айтты.

Тарихты қанша оқып, зерттесек те құпияның көп екенін рас. Мәселен, қасиетті тайқазан бойына талай сыр бүгіп жатыр. Еліміздің ең құнды жәдігері шамамен 1399 жылдары Қарнақ қаласында жасалған. 2 тонна қазанның құрамында 7 түрлі металл бар. Иранның Тебриз қаласынан келген ұста Абу ул-Әзиз ибн Шарафаддин Қарнақта құйып жасаған қазан орны шамамен осы маңдар болуы тиіс. Археологтар мен тұрғындар темір балқытып, күйдірген ежелгі орындардың ізін тапты. Қазір тарихи орынның үстінде баспаналар салынған. Ал, сол үйлердің астын қазып нақтысын білу үшін қыруар қаражат керек деп отыр.

Әзірге қазба жұмыстары тарихи қазанға түскен қаражатқа қазылып жатыр. Кентау қаласына қарасты Қарнақтың тұрғындары министрге ежелгі дәуірге тиесілі жәдігерлерді көрсетті. 2000 жылдан аса тарихы бар Қарнаққа көңіл бөлуді сұрап отыр. Арыстанбек Мұхамедиұлы елді мекеннің ақсақалдарымен сөйлесіп, тұрғындармен бірге тарихи жерлерді аралап шықты.

Қарнақта негізі ұлы ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы басатаған ғұламалар білім алған дейді. Мұнда бір кездері мешіт пен медресе саны 30-дан асыпты. Түркістан қаласынан 25 шақырым қашықтықта жатқан тарихи мекен шын мәнінде зерттеуді талап етіп тұр. Әрине, бұл Қарнақ туралы әңгіме бір тақырыптың аясына сыймайды. Бастысы тайқазан осында жасалған деген дерек ақиқатқа сай. Министр тұрғындардың өтініш-тілегін Үкіметке арқалап кетті. Алдағы, уақытта осы маңдарда да археологиялық жұмыстар жүргізілмек.

 Ақ Орданың астанасы болған Сауран қаласы да Түркістаннан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Құм жұтқан тарихи мекеннің іргетасы XI ғасырларда қаланған. Үнемі әскерлер тұрған Сауран арқылы «Жібек жолы» өткен. Әр мұнарада қарауыл қарайтын және жауға оқ ататын тесіктер бар. Қалаға кіретін қақпа, көпір көз тартып тұр. Мұнда жүріп қыш құмыраларды, ыдыстарды кезіктерісіз. Тарихта Жошыхан қиратқан, Әмір Темір әскери қамалға айналдырған деп жазады. Нұрсұлтан қаласынан келген министр көне шаһар Сауранда болып, бекіністің тіршілігін көзбен көрді. Бұл маңда да нағыз туристік аймаққа айналдыру ниетте. Ашық аспан астындағы мұражайға айналса мемлекеттің қазынасы еселеніп кетер еді-ау.

Сауран қалашығының маңында дәл осы күні ауқымды іс-шара өтті. Еліміздің тарихи орындарын насихаттау үшін «Оңтүстік аңыздары»  атты экспедиция жолға шыққан болатын. Ауа-райының түрлі құбылмалы сәтіне қарамастан «Nomad expiorer» тобы ұйымдастырған экспедиция жеті күнге созылды. Түркістан облысының қасиетті, киелі орындарын автобуспен аралап шықты. Көшпенді туристік экспедиция Сауранда аялдап, қорытындылады. Таңғажайып тарихи орындарды көргендер осында қош айтысып, естен кетпес ерекше сәттерімен бөлісті.

ҚР Мәдениет және спорт министрі киелі орындарды насихаттаған топқа алғыс айтып, концерттік бағдарламаны көрді.

Иә, тамырын жеті қабат жер астына жіберген тарихты сіз де білуге асығыңыз. Рухани жаңғырып, біліміңіз толыға түседі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.