Мемлекет басшысы мінген ұшақ жергілікті уақытпен 18-00 шамасында Ташкент қаласындағы И. Каримов атындағы əуежайға келіп қонды. Қазақстан Президентін Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов жəне Ташкент қаласының мэрі Джохангир Артыкходжаев күтіп алды.
Көршілес елде 14 -15 сəуір күндеріне жоспарланған сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы байланысты одан әрі дамытуға бағытталған екі жақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сонымен бірге өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, екі ел басшылары арасында бірқатар маңызды келісім құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған. Бұдан өзге Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне арналған салтанатты шараға да қатысады деп күтіліп отыр.
Айта кету керек, ҚР Президенті ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Өзбекстанға алғашқы жұмыс сапары болып табылады.