Орал Тансықбаев 1904 жылы, көп балалы қазақ отбасында Ташкент қаласында дүниеге келген. Дара тұлға, кескіндеме өнеріндегі қайталанбас құбылыс. Алайда, Қазақтың ұлы суретшісінің есімі көпке таныс болғанымен, еңбектері қалың жұртшылыққа беймәлім. Өйткені, оның туындыдарының басым бөлігі өзбек елінің мәдени мұражайларында сақталған.
Ал бірқатар шығармалары Третьяков галереясында. Шығыс халықтары өнерінің мұражайы секілді көптеген ірі мұражайлардың алтын қорына кірген.
Қазақтан шыққан қылқалам шеберінің бүгінде көршілес бауырлас, Өзбестан елінде мұражайы бар. Бұл жер, оның туып өскен туған үйі. Орал Таңсықбаевтың жұбайы Елизавета есімді орыс азаматшасы болған. Мұражайда олардың жұбайы екеуінің портреті қалған.