• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Өзбекстанда «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» атты көрме ашылды

12.04.2019
0

Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Өзбекстан Мемлекеттік өнер Музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты, деп хабарлады ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Алмаз Нұразхан, Өзбекстандағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды, Өзбекстан Республикасы Мәдениет вице-министрі Камол Акилова, Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінің директоры Васила Салихқызы Файзиева қатысты.

Көрме ашылар алдында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз мәжілісі ұйымдастырылды. Қазақстан мен Өзбекстанның ғалымдары қатысты.

Баспасөз мәжілісінде екі мемлекеттің бас музейлері туралы ақпараттар беріліп, алдағы жоспарлар туралы айтылды. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында музейлердің мәдени байланысының маңызы туралы жан-жақты сөз қозғалды.

«Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесінің мақсаты — Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру.

Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылады. 1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың басында Алматының маңайында танымал археолог Кемал Ақышев зерттеп жүрген Есік қорғанынан, кейін Қазақстанның символына айналған, сақ патшасы — «Алтын адамның» сүйегі табылған археологиялық сенсация орын алды.

Баға жетпес олжаға «Қазақ Тутанхамоны» деген ат беріліп, «Ғасыр жаңалығы» деп танылды. Ежелгі дала билеушісінің тәжіндегі қанатты алтын пырақ әшекейлері Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бөлшегіне айналды, ал Алтын адамның мүсіні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына орнатылды.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Өзбекстандағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды: «Бүгінгі көрменің орны ерекше. Бұл мәдени шара Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу құрметіне орай ұйымдастылып отыр. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы Қазақстанның ұлттық құндылықтарын, төл мәдениеті мен терең тарихын жауһар жәдігерлер арқылы дүниежүзіне танытады. Көрменің басты экспонаты — «Алтын адам». Аталған көрме жобасы бүгінге дейін әлемнің түрлі елдерін, Оңтүстік Корея, Польша, Ресей, Беларусь, Қытай мемлекеттерінде көрсетілгенін атап айтқан жөн», -деді.

Бұл көрме жобасы әлемнің жеті елін — Беларусь, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Польша, Корея мемлекеттерін және Татарстан Республикасын табыспен аралап, миллионнан астам көрермен тамашалады. Жоба 2018-2020 жылдарға жоспарланған.

Аталған көрме биылғы жылы Малайзия, Италия, Түркия және Грузия музейлерінде ұйымдастырылмақ. Ал 2020 жылы АҚШ, Австрия, Франция, Швейцария мен Германияның басты музейлерінде өткізіледі.

Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейіндегі көрмеге киімі алтын, ал бас киімі жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс бейнесіндегі алтынмен әшекейленген Алтын адамның реконструкциясы ұсынылып отыр. Сонымен қатар аталған көрмеден сақ жауынгерімен (археологтардың пікірлері бойынша 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға болады.

ҚР Ұлттық музейінің директоры Алмаз Нұразхан: «Мен ең алдымен қазақстандықтарды ыстық ықыласпен қабылдаған республика басшылығына, осы көрмеге атсалысқан Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінің ұжымына алғыс білдіргім келеді.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған болатын. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бүгін, міне, жетінші мемлекетке табан тіредік. Көрмеге «Ұлы даланың жеті қырында» атап көрсетілген әр сала бойынша құнды жәдігерлер қойылды. Өзбекстандықтар бізге жат емес, тарих, мәдениет, салт-дәстүр, діни ұғымдарымыз ортақ қалыптасқандықтан, бүгінгі көрме сіздергі қызықты болады деп ойлаймын», — деді өз сөзінде.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 127 зат ұсынылды. Көрмеге ұсынылған Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнерінің жауһарлары — бұл Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін, бұрынғы дәуірдің есімдері белгісіз шеберлері жасаған ғажап туындылардың аз ғана бөлігі.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.