Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады мемкорпорация баспасөз қызметінен.
«Жалғыз акционер- ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шешімімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының төрағасы болып Әсемгүл Балташева тағайындалды», — делінген хабарда.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Балташева 2017 жылдың мамырынан бастап мемкорпорация басқармасы төрағасының орынбасары болып жұмыс жасаған.
«1997-2011 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі қызметтерін атқарған. 2011 — 2012 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМБ басқарған, сосын директордың орынбасары болған, кейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМБ бас директоры болған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы құрылғанда мемқызмет көрсету дирекциясын басқарған», — делінген хабарда.