Алмат Мадалиев ҚР әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

А. Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары жеке секторда қызмет еткен.

2010–2014 жылдары, сондай-ақ, 2017–2019 жылдары  ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің құрылымында бас сарапшы, директордың орынбасары, басқарма басшысынан төрелікте іс карауға дейін қызмет еткен.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР ӘМ Заңнама департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ КОНФЕРЕНЦИЯ – СПРИНДЖЕР

ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ КОНФЕРЕНЦИЯ – СПРИНДЖЕР

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде “AICTC-2024” аясында Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және компьютерлер саласындағы жетістіктерге арналған 5-ші халықаралық конференция...

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ҚЫЛМЫС

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ҚЫЛМЫС

Енді әйелге қол көтеріп, балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге қылмыстық жауапкершілікке тартылады Бұл туралы 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...