Элизабет Тұрсынбаева Сайтамеде (Жапония) өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Ол әлем чемпионатында подиумға көтерілген қазақстандық ретінде тарихқа енді. Тұрсынбаеваның жалпы ұпайы 224.76 болды. Алтын медальді ресейлік Алина Загитова иеленді. Оның ұпай саны 237.50. Қола медальді тағы бір ресейлік спортшы Евгения Медведева жеңіп алды. Оның ұпайы 223.80.
Элизабет Тұрсынбаева, Алина Загитова, Евгения Медведева
Еркін бағдарламада Тұрсынбаева ешбір қателіксіз төтрттік сальхов әдісін орындады. Ол әдіс тарихи сәт болды. Осыған дейін бұл әдісті әлемде ешкім жасамаған. Төрешілер Тұрсынбаеваның көрсеткен өнеріне 148.80 ұпай қойды. Осы ұпайдың арқасында ол күміс иеленді.
Фото: РИА Новости
Осыған дейін спортшы қыз орындаған қысқа бағдарламасы да тарихқа енді. Ол алғаш рет аралық үшінші орынды иеленді, ол тек жапондық Каори Сакамото мен ресейлік Алина Загитованы алдыға жіберіп қойды. Осыған дейін мұндай дәрежеге біздің спортшылар жетпеген. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшының жеңіп алған екінші орынын тарихи сәт деп мәлімдеді.
«Біздің Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында екінші орынды иеленді. Бұл өте қуанышты жағдай! Әлем чемпионатында ол ересектердің арасында төрттік сальхов әдісін орындады. Жеткен жеңісіне құттықтаймын, оның ата-анасы мен жаттықтырушыларын да құттықтағым келеді. Бүкіл қазақстандықтарды осы таңғаларлық жеңіспен сүйіншілеймін. Біз өте қуаныштымыз!», — деп жазған Мұхамедиұлы өзінің Facebook парақшасында.
Шымкент қаласының Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ардагерлер, құқық...
Шымкентте 16 жасқа толған үздік оқушыларға алғашқы жеке куәліктері салтанатты түрде табысталды. Ерекше шара Полиция департаментінде өтіп, оған оқу мен...
Абай ауданында 1644 үйдің құжаты жоқ. Кезінде бұл аумақтарға инженерлік инфрақұрылым желілері де тартылған. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, зерделеу...
Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...