алдықорған қаласының ұзындығы 6,8 км құрайтын орталық көшесіне Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Бұған дейін Тәуелсіздік аталған бұл көше Еркін ауылдық округіндегі айналма жолдан басталып, Қыдырғали Жалаири даңғылына дейін ұласады. Қазақстанның жаңа дәуірін қалыптастырудағы, тәуелсіздікті нығайту жолындағы Тұңғыш Президенттің еселі еңбегін бағалай отырып, қалалық ардагерлер ұйымы Алматы облысының орталығындағы үлкен даңғылға Назарбаев есімін беру туралы бастама көтеріп, бұл жөнінде қалалық мәслихат шешім шығарған болатын.
Талдықорғандағы Назарбаев даңғылы орталық алаңға кеп тіреледі. Осы орталық алаңда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жасалған Тұңғыш Президент скеврі орналасқан. Скверде Елбасының монументі қойылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне арналған кешен жасалған. Сонымен қатар даңғыл бойында қазақ халқының белгілі қоғам қайраткерлеріне орнатылған ескерткіштер, 5 демалыс сквері, 1 орталық саябақ, әкімшілік және әлеуметтік ғимараттар орналасқан.
Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты.