Қазақстандық Ерасыл Қажыбаев Мароккода дзюдодан Гран-придің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінен.
«Дзюдодан Марокконың Марракеш қаласында дзюдодан Гран-при турнирі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Аса ауыр салмақта сынға түскен Ерасыл Қажыбаев өз мансабында тұңғыш рет Гран-при финалына дейін жеткен болатын. Ақтық сында қазақстандық спортшы германиялық Свен Хайнлдан «иппон» әдісімен жеңіліп қалды. Осылайша, Ерасыл Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды», — деп хабарлайды Olympic.kz. дүйсенбіде.
Еске салсақ, бұған дейін Ерлан Серікжанов қола медаль иемденді.
Жалпы турнирге Қазақстан атынан 19 спортшы қатысуда.