Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиынды аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев жүргізіп отырды, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиында сөз алған сенатор Елбасының Түркістан облысының жұртшылығына деген ыстық ықыласын жеткізіп, жергілікті билік өкілдері мен тұрғындарға ел дамуына серпін беретін бағдарламалар мен маңызды құжаттардың мән-мағынасын түсіндірді. Нақтырақ айтсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған әлеуметтік басымдықтар мен жаңа бастамалар әңгіме арқауына айналды.
Жиынға қатысушылар сенаторға көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.