Қазақстандық Әсет Дүйсенов ресейлік Красноярскіде Универсиада-2019 ойындарында шаңғы спринтінде «күміс» иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық шаңғышы Әсет Дүйсенов Универсиада-2019 ойындарында күміс медаль иемденді. Ол спринтте екінші болып келді. Дүйсеновтың басынан үшінші нәтиже көрсеткені атап өтерлік. Алайда шамалы уақыттан кейін судьялар жеңімпаз ресейлік Иван Кимушкинді дисквалификациялады. Осылайша, «күміс» Әсетке бұйырды», — деп хабарлады сәрсенбіде ҰОК-нен.
Бірінші орынды Александр Терентьев (Ресей) иемденді. Үздік үштікті Андрей Собакарев (Ресей) жапты.
Енді Қазақстан құрамасының активінде Универсиада-2018 ойындарының екі медалі бар.
Еске салсақ, 3 наурызда шаңғы акробатикасында «қоланы» Жанбота Алдабергенова иемденген болатын.