Бүгін Төлеби ауданының таңы әдеттегіден ерекше атты. Аудан әкімдігінің ұйымдастырумен аналар мерекесі қарсаңында 100 ана түлеген Түркістан қаласына жолға шықты. Таңғы сағат сегізде Леңгер қаласындағы Төлеби алаңында нағыз мереке үстінен түстік. Мұнда жүздері бал-бұл жанған аяулы аналар әсем ән аясында билеп, мереке сәнін келтірді.
Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков аналарды құттықтап, киелі Түркістанның тарихи орындарына зиярат жасап қайтуға сәт сапар тіледі.
Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.