3 наурызда Қазақстандық фристайлшы Жанбота Алдабергенова Красноярскіде өткен шаңғы акробатикасынан қола медаль иемденді.
Бірінші орынды Белорусиядан келген Александра Рамановская, екінші орынды – ресейлік Любова Никитина иемденді.
Жанбота Алдабергенова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқып жатыр (заң-құқықтық қызмет). Оның активінде үлкен жарыстардан алған бірнеше жүлделері бар. 2011 жылы Қазақстан Республикасының кубогінде 1 орын, 2012 жылы Раубичте (Беларусь) Еуропа кубогінде қола жүлдегер атанды. 2015 жылғы әлем чемпионатында (Италия) күміс жүлдегер, Еуропа кубогі кезеңдерінің бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері. Еуропа кубоктері бойынша 2015-2016 маусымның абсолютты чемпионы. Әлем кубогінің күміс жүлдегері.
Сочидегі Олимпиада-2014 жарысында 6-шы болып келді.