Тарбағатй ауданы əкімінің ұсынысы негізінде ШҚО мəдениет архивтер жəне құжаттама басқармасының 2019.02.22 /11 бұйрығымен «Тарбағатай тарихи-өлкетану музейі» КМҚК директоры болып Ақжасарова Құралай Қонысбекқызы тағайындалды.
Мемлекет басшысы жастарға қолдау көрсете отырып, олардың жұмыспен қамтылуына баспаналы болуына жағдай жасау керектігін айтып өткен болатын. Осы мақсатта Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев аудан жастарына көп қолдау көрсетіп, олардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасап келеді. Бұл бағытта ілкімді істері үшін аудан халқы дән риза.
Жалпы Тарбағатай тарихи-өлкетану музейі бұрынғы Семей облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен ҚР Мәдениет Министрлігінің 1986 жылғы 17 желтоқсандағы № 385 бұйрығы негізінде Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақсуат аудандық филиалы болып құрылып, 1993 жылы 18 мамырда ашылды. Музей 1997 жылдан Республикадағы әкімшілік – аумақтық өзгерістерге байланысты ірілендірілген Тарбағатай ауданы әкімшілігінің мәдениет және спорт бөліміне қаратылып, 2000 жылдың 22 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасының мемлекеттік тіркеуден өтіп, №10386 – 1917 МК тіркеу куәлігі негізінде Қазақстан Республикасы заңының шеңберінде Құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілді. Тарбағатай аудандық өлкетану музейі болып жұмыс істеген. 2005 жылдан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Тарбағатай тарихи-өлкетану мұражайы болып құрылды. Музей шығыс сәулеті үлгісіндегі жеке ғимаратқа орналасқан. Көлем і 536,5 ш/м, оның 400 ш/м алаңында тұрақты көрмелік құрылым (экспозиция), қор сақтау, қызмет бөлмелері бар. Осы жылдары музей ұжымы аудан тұрғындарының рухани қажеттерін қанағаттандыруға, мәдени – тарихи құндылықтарды танып білуге, мәдени – ағарту қызметінің жоғарғы жәрежесіне жетуге, көрермендермен байланысты кеңейтуге зор көңіл бөліп келеді. 2009 жылы музей қоры 3890 дана сақтауға, оның ішінде сақтауға, оның ішінде негізгі қорқосалқы қор дана сақтауға жетті. Үш бөлімнен тұратын көрме құрылымында аудан табиғатының жалпы мінездемесі, өлкедегі мекен еткен халықтың тарихы және ауданның құрылуы кезеңінен бүгінгі уақытқа дейінгі аралықтағы тарихынан мазмұнды танымдылық мәлімет беріледі.
Айта кетейік, әкесі осы музейді құрып басшылық еткен. Сонымен қатар, Төлегетай баба кесенесін салуда құрылыстың жүргізілуіне мұрындық болған.